Қошым-Ногай Б.С. Достық жоралғы: Балаларға арналған аударма өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар, ертегілер

Ақын Байбота Қошым – Ноғайдың аудармашылық өнерінің бір қырын танытатын бұл кітаптағы ғибратқа толы тәржімелік туындыларда – аударма өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар, ертегілер де алғашқы мүшелі тойлана қоймаған балдырғандарға, сонымен қатар ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарай алмайтын балабақша тәрбиешілеріне, ұстаздар қауымы мен-ата-аналарға арналады.


Сұлтан Қалиұлы. Менің елім.

Қазақ балалар әдебиетінің сарбаз-сардары, ақын Сұлтан Қалиұлының бұл  кітабына оның өлең-тақпақтары, жұмбақ-жаңылтпаштары, «Алдар мен шайтан», «Сауық» поэмалары мен т.б. шығармалары еніп отыр.


Ахметұлы Д. Робот және алты асық (заманауи ертегілер).

Дәнеш Ахметұлы балаларға арнап ертегілер жазып жүрген жазушы. Бұл жинаққа автордың «Робот және алты асық» , «Айлы түнгі айқас», «Бөгде құстар», құстар», «Жаңғалақ», «қимас достар» деген  замануи ертегілері енгізілген. Кітап түрлі түсті суреттермен безендірілген.


Байтұрсынұлы Ақымет, Шонанұлы Телжан.Бастауышқа арналған оқу кітабы.

Бүгінгі оқушыға да пайдалы оқу материалы болатындығын уақыт өзі дәлелдеп отыр.  Оқу құралының тілі жатық және құрамлдың бүгінгі оқушы үшін де берері көп.


 Сыздықов Мұрат. Ақ басты тырна.

Бұл жинаққа Мұрат Сыздықовтың «Ақ басты тырна» атты шағын повесі мен әңгімелерін ұсынған. Ал фантастикалық әңгімелерінің өзі бір төбе.Жазушы балалар өмірінің қызықты сәттеррін тілге тиек етеді. Кітап адалдыққа, туған жерді сүюге тәрбиелйді.


Сиқырлы әріптер. Волшебные буквы.

Бұл жинаққа Н.Қ. Жайқбаевтың « Сиқырлы әріптер» , Е. Игнатовская  «Капельки солнца», Е. Вайберттің «Солнечные зайчики» атты балаларға арналған шығармалары еңгізіген.

В данный сборник вошли « Сиқырлы әріптер»  Н.К. Жайыкбаева, циклы стихотворений «Капельки солнца» Е. Игнатовской, «Солнечные зайчики» Е. Вайберт, адресованные детям.


Маркиза Базарбайқызы. Әкесін

іздеген ұл.

Бұл кітапта бала кеіпкерлердің басынан өткен қызықты оқиғаларын әңгімеге арқау өткен. ОТбасындағы әке орны, сәбидің сезімі, арман-мұңы, ізденісі оқырман жанының нәзік пернесін дың өткіздері сөзсіз. Кітап балаларға және оның ата-аналарына арналған. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол.


Зира Наурызбаева, Лиля Калаус. Бату мен оның достарының бастап кешкендері.

Шығармада Бату атты бала мен оның достарың басынан кешкен оқиғалары негізінд, ертегі-аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген. Шым-шытырық оқиғалар жанрында жазылған хикаят жас жеткіншек оқырмандарды қызықтырып қиялына қанат бітіретін тартымдылығымен баурайды.


Жұманова Заря.Ақбота.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған ертегілер, мысалдар, әңгімелер және  хикаялар. Жасөспірімдердің өмірі, арман-тілегі кітаптың өнбойында тұнып тұрғаны байқалады.


Әкірамұлы Серік. Ұқыпты бала.

Ақын Серік Әкірамұлының бұл кітабына балаларға арналған әртүрлі тақырыптағы, сан алуан мазмұндағы өлеңдер енген. Кітап жалпы оқырмандарға, балаларға, балабақша, мектеп оқушылары мен тәрбиеші, ұстаздарға арналған.


Арсанбай Естенов.Көне кенттер күмбірі.

Балаларға арналған өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылпаштар. Кітап «Өлкетану мектебі», «Табигаттану мектебі», «Салауаттану мектебі», «Ой ұшқырлау мектебі» аталатын төрт бөлімнен тұрады.


Қабанбай М.Арыстан, мен, виолончель және қасапхана.

Жазушы әпрбір шығармасының шырай-шұрымын өмірдің өз өзегінен ала отырып, қарапайым да қалжың ойлы тіл әспетімен оқырман жүргінде кеңінен жеткізе біледі. Оның оқырманға айтар ойы, алға ұстаған ұстамы- жақсылық атаулының асқар шыңы-адамгершілік, ақиқатшылдық. Осы тұрғысында толған ой, түйген түйінін Асан, Самат сынды кейіпкерлер бойынан табасыз.